Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдау барысында аудан тұрғындары жеке иелігіндегі тұрғын үйін жалға беру, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдап, заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді.
Айта кетейік, өткен жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 389 тұрғын болып, олардың ұсыныс-пікірлері мен мәселелері қаралды. Тұрғындармен кері байланыс орнату және халықты толғандырған түйткілдерді шешу жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі