Маңғыстау ауданында білім саласы қарқынды дамуда

Маңғыстау ауданында білім саласы қарқынды дамуда
Маңғыстау ауданында білім саласы қарқынды дамуда
Мемлекет басшысының «Білім мен ғылым – табысқа жетудің басты кілті» тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау ауданында білім саласына ерекше назар аударылып келеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.
Аудан басшысының айтуынша, соңғы жылдары білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылды.
–Шетпенің Қосбұлақ-2 шағын ауданында 600 орындық жаңа «Келешек» мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, А.Меңдалыұлы атындағы мектеп жанынан 200, ал Тұщыбек мектебінен 160 орындық қосымша оқу корпустары салынып, іске қосылды. Білім беруде инклюзияны дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Былтыр оқушыларына арналған 50 орындық «Балалар инклюзивті академиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылып, бүгінде 12 бала қамтылып отыр. Сонымен бірге, 6 мектеп пен 6 бөбекжайға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деді Ғалымжан Ниязов.