Шетпеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Шетпеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Шетпеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

       Шетпе ауылында Қосбұлақ-2 шағынауданынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп ашылды.

Білім алушылардың жан-жақты дамуына қажетті  инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұнда химия, биология, информатика, робототехника, STEM, өнер және музыка, басқа да сыныптары бар білім ордасының ашылуына атқарушы билік өкілдері, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Мектептің ашылуына аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қатысып, аудан тұрғындарын жағымды жаңалықпен құттықтады.

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында білім беру саласын дамытуды мемлекеттің басым бағыты ретінде айқындап, жас ұрпақтың жарқын болашағына ерекше назар аударып келеді. Бүгінгі ашылып отырған білім ордасы – сол үлкен қамқорлықтың, ел ертеңіне жасалған маңызды қадамның нақты көрінісі. Жаңа мектепте бұған дейін Қосбұлақ-1 дегі №5 - ші бастауыш мектептің 41 баласы, Қосбұлақ-2 ден орталыққа қатынап оқыған 146 және мектеп гимназияның 235 оқушысын қосқанда 422 оқушы білім алады. Өзге де білім алушылар мен осы шағын ауданға қоныстануға ниетті 816 жер орынның иесіне берілген мүмкіндік.  Бұл мектеп - жас өркеннің ой-өрісін кеңейтіп, ғылым мен білімге құштар, елін сүйген, заманауи білімді ұрпақ тәрбиелейтін алтын ұя болады деп сенемін, - деді аудан әкімі.

 

Айта кетейік, Маңғыстау ауданында жаңа оқу жылында 22 мектепте 8653 оқушы білім алып жатыр.