Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар өз мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Тұрғындардың негізгі сұрақтары жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін алу, әлеуметтік қолдау және тұрмыстық жағдайларды жақсарту төңірегінде болды.
Аудан әкімі кәсіпкерлік нысан ашудың мақсаты қажеттілікке және талапқа сай болуын атап өтті. Сонымен бірге бос жұмыс орнына жұмыссыздарды жолдаудың тиімді алгоритмі жайында пікірлесті.