Екі ауылдың әкімі сайланды

Екі ауылдың әкімі сайланды

Екі ауылдың әкімі сайланды

      Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Жармыш ауылының әкіміне Заманбек Серікұлы Әнуаров, Онды ауылдық округі әкімінің лауазымына Қуаныш Жәнібекұлы тағайындалды. Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қызметке кіріскен ауыл әкімдерін ауыл халқына арнайы таныстырып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды қолға алуды тапсырды. Әкімдерге Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Лазым Жонасов қызметтік куәліктерін табыстады. Екі ауылда да тұрғындар сайланған әкімдерден жаңашыл жұмыс күтетінін айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

     Айта кетейік, Заманбек Әнуаров 2021-2022 жылдары Маңғыстау аудандық үйлестіру орталығында бас есепші, экономика және қаржы және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман, 2022 жылдан осы мекемеде сектор меңгерушісі қызметінде болса, Қуаныш Жәнібекұлы 2018-2021 жылдары Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық бөлімінде, Шетпе және Онды ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2021 жылдың шілде айынан бері Онды ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.