«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа өтінімді қабылдау15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.
Конкурстыөткізудіңмақсаттары:
1)отбасыинститутын, адамгершілікті, руханилықтынығайту, жауаптыерлі-зайыптылықтыңмаңызынтану;
2)ата-аналардыңбалатәрбиелеудегіжауапкершілігінарттыру;
3)отбасылыққұндылықтарды, кәмелеткетолғанбалаларыныңеңбеккеқабілетсізжәнеегдежастағыата-аналарынақамқорболуындәріптеу, жәнекеңіненнасихаттау;
4)қазақстандықотбасыныңжағымдыимиджіннасихаттау.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).
Конкурсқа қатысуға өтінімқосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
Р\с № |
Тегі, аты, әкесініңаты (барболса) |
Туыстықдәрежесі |
Туғанкүні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқуорны, қызметтүрі, лауазымы |
Тұрғылықтымекенжайы, байланыстелефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қолы __________
Күні __________
*Өтінім мекенжайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады.
«Қызмет алушылар күніне орай» жәрмеңке ұйымдастырылды
Бүгін ауданда қызмет алушылар күніне орай жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде құжаттандыру - куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу, әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру салалары бойынша консультация берілді.
6 мамыр, сағат 10:00-де Маңғыстау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында жәрмеңке өткізеді. Жәрмеңке – «Қызмет алушылар күніне» орай өтеді. Аталған іс-шарада құжаттандыру – куәліктер, паспорттар, жүргізуші куәліктерін алу, әскери билеттер алу, ҰОС куәліктерін беру және т.б. бойынша сұрақтарға жауап беріледі✅
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 2 айындағы жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтарын пайдалану нәтижелері
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады (БЖЗҚ өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторға аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескерген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтарға БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары-балалар арасында бөлінеді.
НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ге қаражат аударылғаннан кейін ол АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.
Тұрғын үйді жақсарту
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қаражатты пайдалануды қалағандар арасында ең белсендісі Шымкент қаласының тұрғындары (10 451,48 АҚШ доллары сомасына 104 өтініш орындалды), екінші орында – Қызылорда облысының тұрғындары (9 547,32 АҚШ доллары сомасына 95 өтініш орындалды), үшінші орында – Астана қаласының тұрғындары (8 750,56 АҚШ доллары сомасына 88 өтініш орындалды).
Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыру (72 671,00 АҚШ доллары сомасына 727 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 2 109,88 АҚШ доллары сомасына 21 өтініш, ипотекалық тұрғын үй алу үшін бастапқы жарнаны енгізу- 1 305,72 АҚШ доллары сомасына 13 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу
Білім беру ақысын төлеу үшін қаражатты пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар Шымкент қаласының тұрғындары (23 232,34 АҚШ доллары сомасына 232 өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (12 290,28 АҚШ доллары сомасына 123 өтініш орындалды), үшінші орында – Жамбыл облысының тұрғындары (8 724,84 АҚШ доллары сомасына 87 өтініш орындалды).
Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуді бөліп көрсетуге болады. Бұл ретте 99 160,18 АҚШ доллары сомасына 991 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (15 544,60 АҚШ доллары сомасына 155 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (3 911,44 АҚШ доллары сомасына 39 өтініш орындалды).
Естеріңізге сала кетейік, бұл тек алғашқы есептеулер, сома көлемі жыл сайын Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық табыс алу есебінен ұлғаяды. Бұдан басқа, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастыруда және ол Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкелетін болады.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала (01.01.2006 ж.бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар). Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талаптар сомасы есептелген.
Баланы нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы ақпаратты ата аналар немесе кәмелетке толмаған тұлғаның басқа да заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша тексере алады. Мұнда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға да болады.
Сондай-ақ, әрбір балаға есептеулер туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинетте де тексере алады.
2024 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтарға БЖЗҚ интернет-ресурсында және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинет арқылы НЖШ-ға қаражаттың түсуін өз беттерінше тексеруге де мүмкіндік берілген.
Республиканың жас мөлшері, өңірлері бөлінісінде есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында орналастырылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеу туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайттында танысуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.
2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 623,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27,9% немесе 136,2 млрд теңгеден аса мөлшерге артық. Атап өтейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 20,2%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 22,1%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 41,2% өсім көрсетті.
Отандастарымыздың жинақтарының 96,6% МЗЖ есебінен қалыптастырылған. Оның көлемі 01.04.2024ж. 18,2 трлн теңгеден асты (жыл ішіндегі өсім – 22,3%, жыл басынан бері-5,5%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 599,7 млрд теңге болып, жыл ішінде 25,8%, ағымдағы жылдың басынан бастап 5,5% ұлғайды. Ең жоғары өсімді (жылына 49%, жыл басынан бері - 11,3%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі 5,9 млрд теңге.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 3 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 37,5 млрд теңге болды.
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті.
Ағымдағы жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер түріндегі шығыс ағындар шамамен 193 млрд теңге болды. Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) құралған – шамамен 83,7 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есеге көп.
Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер - шамамен 44,6 млрд теңге.
Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 13 млрд теңге, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 7,7 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 790,3 млн теңге, жерлеуге төлемдер - 2,5 млрд теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 40,8 млрд теңге аударылды.
Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) - 33 985 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 082 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 12,4 млн бірлікке тең, оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 671,1 мың - МКЗЖ бойынша, 409,8 мың - ЕЗЖ бойынша.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескерілетін БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 2024 жылғы 1 сәуірде 3,4 млн бірлік болды.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнет жасына толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға (өзі, пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы) БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді.
Сондай-ақ, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалана алады, атап айтқанда:
- әскери қызметшілер;
- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
- мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 25 жыл еңбек еткен және қызметтен босатылған кезде заңнамада белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі Әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге, ал емделу ақысын төлеу үшін - тек Отбасы банкіне жүгіне алады.
Сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде қамтамасыз ете алатын қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы Қордың ресми сайтында да көрсетілген.
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алатынын хабарлаймыз. Тек мұндай адамдардың:
- зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын болуы керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының сомасы мен белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауға тиіс;
- БЖЗҚ-да жинақтары бар, қазіргі кезде зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және/немесе емделуге қалған сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Бірақ олардың жиынтық зейнетақысы (жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда) бұрын алған жалақысының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алады.
Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде Алушының қайтыс болуына (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.
Осылайша, мұра иесіз мүлік деп мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негізінде сот шешімі бойынша ғана танылуы мүмкін.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:
- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);
Немесе
- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;
- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.
Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. БЖЗҚ Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерге сұранысты дербес жасай алады.
Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурсы, сондай-ақ пошта байланысы арқылы беруге болады.
2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:
1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;
2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).
Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.
Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинаған еңбек өтілін растау мақсатында, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырған зейнетақыға құқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы "Сұраныс" нысанын жіберуі қажет.
[1] Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің нормаларын қолдану жөніндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, құзыретті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.
10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
«Даму» Қоры ШОБ қолдауға өтінім қабылдауды бастады
2024 жылғы 5 ақпаннан бастап «Даму» Қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастады. Бағдарлама ШОБ-қа мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларындағы бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын отандық жобаларды дамыту үшін бекітілді.
Кешенді қолдау шаралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді.
1⃣ «Микрокәсіпкерлік»;
2⃣ «Шағын және орта кәсіпкерлік»:
3⃣ «Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік»;
4⃣ «Моно- және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік»;
5⃣ «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;
6⃣ Биржа арқылы.
Бағдарама аясында негізінен өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу және жоғары технологиялық қызметтегі жобалардың несие мөлшерлемесін субсидиялауға басымдық беріліп, сараланған әдіс пайдаланылуда. Мұндай жобалар бойынша алғашқы 3 жыл ішінде кәсіпкер несиесін 8%-бен, төртінші жылдан бастап 9%-бен, бесінші жылдан бастап 10%-бен төлейді.
Сонымен қатар, Бағдарлама қор нарығын дамытуды көздейді. Мәселен, облигациялар шығарылымының бір эмитентке деген жиынтық номинал құны 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, кәсіпкер үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 6% түпкілікті мөлшерлеме белгіленді.
Сондай-ақ, Қор қаржылық қолдау шараларын кеңейтіп, субсидия құралынан кепілдік беру құралына қарай кезең-кезеңімен көшуге ниетті. Бұл жаңалық несиеге кепілдік беру аясын кеңейтеді. Қазір кепілдік берілетін несие сомасы 1 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін көтеріліп, кепілдік мөлшері несие сомасының 50% болды.
Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты да міндеттемелер енгізілді. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды іріктеу үшін міндетті нақты критерийлер белгіленді. Мысалы, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер еңбекақы төлеу қоры мен салық аударымдарын арттыру керек.
Бағдарлама бойынша субсидия немесе кепілдік алу үшін кәсіпкерлер online.damu.kz платформасы, egov.kz веб-порталы арқылы қашықтан немесе «Даму» Қорының өңірлік филиалына өтінім бере алады.