"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.
2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.
Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
Бұған қоса, қатысушылар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
Кездесу онлайн-форматта өтетін болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Іс-шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты материалдар жариялауға тартылған журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/rd2a77de3cfebf05439e842ef443c7540
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 032 2370
Еvent-мәжіліс паролі: 102030
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Баспасөз аңдатпасы
2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шара тақырыбы: "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін".
Алдағы іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтері туралы баяндайды.
Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/rd2a77de3cfebf05439e842ef443c7540
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 032 2370
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 102030
Хабарландыру-аңдатпа
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін" өткізеді.
Күннің басты тақырыбы - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".
Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " 2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де онлайн-форматта өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/rd2a77de3cfebf05439e842ef443c7540. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 032 2370 және event-кеңестің паролін 102030 енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!
📢 ТЕГІН қазақ тілі курстары! 📢
Қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап жоғары деңгейге дейін меңгергісі келетін тұлғаларды оқуға шақырамыз!
Курстың ұзақтығы – 3 ай.
Курс Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 18 жастан асқан облыс тұрғындары үшін ұйымдастырылады.
Өтінімдер 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін «Парасат оқу орталығы» ЖК-де қабылданады.
Тіркелу үшін төмендегі нөмірге хабарласыңыз:
📞 +7 708 777-19-68
✉️ parasat_centre@mail.ru
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР — ЖАУАПТАРЫМЕН!
Аудан тұрғындарына маңызды ақпарат!
1. Жер учаскесін ауданның арнайы қорына өткізе аламын ба?
Ауданның арнайы аудан қорына жер учаскелерін өткізу үшін жеке және заңды тұлғалардан құзыретті органға өтініш түсіру арқылы жүзеге асады.
2. Шаруа қожалығынан жеке шығу мүмкін бе?
Шаруа қожалықтан бөлініп шығу үшін жер заңнамасына сәйкес үлестік меншікке қатысушылардың жалпы жиналысында хаттама толтырылып, дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй тұрғын үй инспекциясы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама.
4. Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер қалай алынады?
Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа тиісті құжаттарды ұсына отырып, алуға болады.
Қосымша ақпарат пен нақты құжаттар тізімі үшін бөлімдерге жүгініңіз.
Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды
Конституция күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Бұлкүніжақында16жасқатолғанжасөспірімдергеерекшеназар аударылды.Оларүшінрәсімшынмәніндемаңыздыоқиғаболды - жасазаматтарөздерініңалғашқы жеке куәліктеріналды.
Негізгі құжатты алу ересек өмірдің басталуын білдіреді, жаңа мүмкіндіктер ашады және қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді.
Жеке куәліктердің дәл Конституция күніне орай табысталуының айрықша мәні бар, өйткені еліміздің Негізгі заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.
Мұндай іс-шаралар өңірдегі ХҚКО-ларда тұрақты түрде өткізіліп келеді және жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін игі дәстүрге айналды.
Айта кету керек, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәлік алуға міндетті. Ол үшін жасөспірім ата-анасының бірімен туу туралы куәлік пен ата-анасының жеке куәлігін көрсете отырып, жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуі қажет
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде.
Маңғыстау облысында 7 айда 848 мемлекеттік қызмет үйде көрсетілді
2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға 723 рет үйге бару ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 848 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аймақта күн сайын орта есеппен 5–6 өтінім келіп түседі.
Өтінімді 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның ресми сайты gov4c.kz. арқылы қалдыруға болады. Осыдан кейін ХҚКО қызметкері азаматпен хабарласып, бару күнін және уақытын келіседі. Белгіленген күні мамандар үйге барып, қажетті құжаттарды қабылдап, қызметті рәсімдейді. Дайын нәтиже азаматтың тұрғылықты мекенжайына жеткізіледі.
Үйде қызмет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
• I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға;
• Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
• Қарт және жүріп-тұруы қиын азаматтарға.
Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Музбаевтың айтуынша, үйде қызмет көрсету – бұл тек азаматтарға қолайлы мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қоғамның барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілі.
«Алдағы уақытта ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуына барлық жағдай жасай береді», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар барлық фронт-офистерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кезексіз қызмет алуға мүмкіндік беретін арнайы терезелер жұмыс істейді. Бұл қызмет көрсету процесін жылдамырақ әрі ыңғайлы етеді.
Еске сала кетейік, бірыңғай байланыс орталығы 1414 жұмыс күндері сағат 09:00–ден 21:00-ге дейін қоңыраулар қабылдайды. ХҚКО бөлімдері жұмыс күндері 09:00–ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00–ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі күні кезекші ХҚКО-лар 09:00–ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:
- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));
- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);
- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).
Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.
55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:
- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;
- түзету коэффициенттері қолданылмайды;
- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.
Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.
Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет.
БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.
enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).
Ұлттық қор – балаларға:
2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69 756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.
Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс.
kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Табысты алмастыру коэффициентінің маңызы және оның зейнетақы жүйесіндегі рөлі
Халықаралық ұйымдар зейнетақының лайықтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде табысты алмастыру коэффициентін (ТАК) атайды. Бұл зейнетақы төлемдері мен қызметкердің зейнеткерлікке шыққанға дейінгі жалақысының арақатынасын, яғни оның зейнетақысы жалақысын қаншалықты алмастыра алғанын көрсетеді.
Айта кету керек, ТАК – бұл мақсатты бағдар, оның мәні әр қызметкер үшін бірегей және оның еңбек табысы мен өтіліне, зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы шотына аударудың жүйелілігі мен толықтығымен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін модернизациялау тұжырымдамасында зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі кемінде 35 жыл және аударымдардың жүйелілігі жылына 12 рет болған кезде жиынтық зейнетақы төлемдерін еңбекақысының кемінде 40% деңгейінде (Халықаралық еңбек ұйымының стандарты) сақтау көзделген.
2024 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен және зейнетақы төлемдерін (мемлекеттен ынтымақты және базалық, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы) ала бастаған БЖЗҚ салымшыларының зейнетақының барлық түрлерін қосқандағы төлем жиынтығының алмастыру коэффициенті жалақының орташа деңгейінің 41%-дан астамын құрады.
Дамыған елдерден байқап отырғанымыздай, алдағы уақытта зейнетақының басым бөлігі жинақтаушы зейнетақыдан құралады. Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі адамның еңбек жолының толық кезеңі саналатын өзінің шамамен 40 жылдық циклына әлі жеткен жоқ. Осыған байланысты зейнетке шыққандардың жинақтау жүйесіндегі өтілі әзірге жеткіліксіз. Сонымен қатар, жинақтаушы жүйені енгізудің алғашқы жылдары табыстың төмен болуы, жарналардың уақылы және толығымен аударылмауы өз әсерін тигізді. Сондықтан қазіргі зейнетақы төлемдерінде ынтымақты зейнетақының үлесі жоғары, дегенмен жылдан-жылға азайып келеді.
Актуарлық есептерге сәйкес болашақта еңбек жолын 2024 жылы бастаған (22 жасында) және 2065 жылы зейнетке шығатын салымшылардағы жинақтаушы зейнетақы есебінен алмастыру коэффициенті олардың табысының кем дегенде 35%-ын құрайды. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылады. Бұған қоса азаматтар мөлшері БЖЗҚ-ға МЗЖ аударымдарының өтіліне байланысты болатын базалық зейнетақы алады. Мұндай қызметкерлердің ынтымақты зейнетақы алуға құқығы болмайды.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ әрбір салымшы үшін орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеуді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емдеуге пайдалану үшін ТАК қалай есептеледі
Төмендегі шарттардың бірі сақталған жағдайда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға құқылы екенін атап өткен жөн:
Заңнамада ТАК есептеу алгоритмі келесідей бекітілген:
Ай сайынғы зейнетақы (тағайындалған күнгі базалық+ынтымақты) алушының соңғы 5 жылдағы (зейнеткерлікке шыққанға дейінгі) орташа айлық табысына (ОАТ) бөлінеді. ОАТ шамасы инфляцияны ескере отырып түзетілген 5 жыл ішіндегі оның нақты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер негізінде есептеледі және республика бойынша орташа айлық табыспен шектеледі.
Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар және өмір бойы ай сайынғы қамту төленетін отставкадағы судьялар үшін ОАТ ауыстыру коэффициенті 40%-ға тең бекітіледі.
ТАК есептеу үшін тек базалық және ынтымақты зейнетақылар есепке алынады, олар зейнеткерге 40%-дан төмен емес өмір бойғы кірісті қамтамасыз етуі керек. ТАК-тың осындай деңгейіне жеткен кезде зейнеткер өз жинақтарының 50%-на дейінгі соманы тұрғын үйге немесе емделуге пайдалана алады.
Егер азамат зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, яғни сақтандыру компаниясынан ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 70% көлеміндегі өмір бойғы зейнетақы төлемін алса, ол БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы шотындағы барлық жинақтарды тұрғын үйге немесе емделуге пайдалануға құқылы.
Алмастыру коэффициентінің мәнін түсіну азаматтарға зейнетақы төлемдері арқылы қаржылық тұрақтылығын жоспарлауға көмектеседі. Жыл сайын жинақтаушы зейнетақының маңызы артып келеді. Барлық азаматтар үшін мемлекеттік саясат пен зейнетақы жүйесінің лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету бағытында дамуы маңызды.
[1] есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген ТАК айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000521)