2025 жылғы 30 наурызда өткен Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 30 наурызда өткен Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 30 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2068 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 829 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 16 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 2 сайлау округі бойынша

Амангалиев Куат Жанбирбекович үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді,

Балгаев Айболат Куанович үшін сайлаушылардың 601 дауысы берілді,

Молдашова Жанбиби Турарбековна үшін сайлаушылардың 98 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 29.

 

Сайлау қорытындысымен №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаттың депутаты болып Балгаев Айболат Куанович, 1984 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының тұрғыны сайланды.

 

 

Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 марта 2025