Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды ұсынудың қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де №10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Маңғыстау аудандық мәслихат депутатығына кандидаттар ұсыну кезеңі аяқталды.
Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңінде мына азаматтардан өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініштер келіп түсті:
Қожамбетов Нүркен Теміржанұлы, 1975 жылы туылған, «Дария» МКК директоры, Шетпе ауылында тұрады.
Ерманов Талғат Қорғанбайұлы, 1967 жылы туылған, «Маңғыстау жылу, су» МКК директоры, Жыңғылды ауылында тұрады.
Адыров Амангелді Қуанышұлы, 1986 жылы туылған, «Өрлеу» МКҚК директоры, Шетпе ауылында тұрады.
Туребаев Сакен, 1964 жылы туылған, жұмыссыз, Жыңғылды ауылында тұрады.