ХАБАР
2023 жылы 15 қаңтарда Маңғыстау ауданында Сайөтес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-баптың 2 тармағына, 45-бапқа, №171 және №172 учаскелік сайлау комиссияларының Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хаттамаларына сәйкес сайлау қорытындысын анықтады.
Сайөтес сайлау округі
Сайөтес ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1198 азаматтар енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 614. Жарамсыз бюллетеньдер саны-9, «Бәріне қарсымын» белгісі бары -8.
Әрбір кандидатқа берілген дауыстар саны:
Абдиев С.Қ. – 413; Төремұратұлы Ж. – 8; Улыкпанов Н.Ж. – 176.
Сайөтес ауылдық округінің әкімі болып Абдиев Сабыржан Қабылбердіұлы сайланды, 1991 жылы туылған, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сайлау комиссиясының хатшысы, Ақтау қаласында тұрады, Өзін -өзі ұсынған.
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы