Ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бойынша хабарлама
Тұрғындар назарына!
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 29.07.2022 жылғы № 05-14-982 санды хаты негізінде, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызметтері тарифінің көтерілуіне жарияланған мораторий мерзімінің аяқталуына байланысты халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін -70 теңге; ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін -80 теңге мөлшері 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енетінін хабарлайды.
Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің «Дария» МКК