⚜️Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, облыстағы бірнеше маңызды бағыттағы автожолдарға жөндеу және күреу жұмыстары ұйымдастырылуда.
⚜️Атап айтқанда, Жаңаөзен – Аққұдық – Үстірт – Төлеп және Жаңаөзен – Жарма – Ұштаған бағыттарында көктем және күз айларында ағымдағы жөндеу және жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған.
⚜️Қазіргі таңда ұзындығы 85 шақырымды құрайтын Сенек – Аққұдық бағытындағы жолдың 45 шақырымы – грейдер жол, 40 шақырымы – қара жол ретінде күреліп жатыр.
⚜️Аталған жұмыстарды «БекАктауГазСнаб» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Қазіргі кезде күреу жұмыстары бір автогрейдер техникасымен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар Бостан ауылдық округі аумағында жалғасуда.
⚜️Жол жөндеу шаралары өңірдегі көлік қатынасының сапасын арттырып, шалғай ауылдарға қатынасты жеңілдетуге және жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі