Құрық ауылында жаңа «STREET WORKOUT» алаңы іске қосылды

Құрық ауылында жаңа «STREET WORKOUT» алаңы іске қосылды

⚜️Ауыл тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық! Құрық ауылында, Автобаза көшесі және №9 шағын аудандағы ашық спорт алаңының жанынан жаңа «Street Workout» алаңы салынды. Бұл жоба 13,8 миллион теңге көлемінде қаржыландырылып, тұрғындардың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

⚜Алаңда барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи спорттық жабдықтар орнатылған. Атап айтқанда:

🔹 Үздіксіз резеңке жабын – жарақат алу қаупін азайтады

🔹 Комбинацияланған жаттығу кешені – бірнеше жаттығуды қатар жасауға мүмкіндік береді

🔹 Армрестлинг үстелі – күш сынасуға арналған арнайы үстел

🔹 Қадамдағыш тренажер – аяқ бұлшықеттерін жаттықтыруға

🔹 Ескек есу тренажері – кардио мен бұлшықет жұмысын арттыруға

🔹 Твистер тренажері – бел мен іш аумағын жаттықтыруға

🔹 Кеудеден итеру тренажері – кеуде және қол бұлшықеттерін дамытуға

🔹 Арқалығы бар орындық – демалуға арналған

🔹 Қоқыс жәшігі – тазалықты сақтау үшін

⚜Бұл алаң – тек спортпен шұғылданатын орын ғана емес, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтатын ортаға айналмақ. Алаң ашық әрі еркін қолжетімді. Таңертең сергіп, кешке серуендеп, достарыңызбен жаттығу жасау үшін таптырмас орын!

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі