Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

⚜️Бүгін, 15 мамыр күні аудан әкімі Сымбат Төретаев «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады.

⚜️Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен тиісті жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

⚜️Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініштері мен шағымдары қаралып, көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сұрақтардың негізгі бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту, қосалқы жер телімдерін алу мәселелеріне қатысты болды.

⚜️Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған аудан әкімі барлық ұсыныстар мен сауалдарға қолданыстағы заңнама аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі