Үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сегіз сағаттық жұмыс уақытының режимі белгіленген. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті жүргізуге уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады. 

Мониторинг жұмыстары мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу Қағидаларының талабына сәйкес, кіруді басқару және бақылау жүйесінің «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылуы бойынша қашықтықтан және бару арқылы жүзеге асырылады. 

2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша аумақтық департаментпен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның ғимаратының «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру мәселелерін анықтауға қатысты талдау жұмыстары жүргізілді.   

Аумақтық департаментпен, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің 2025 жылға арналған жоспар бекітілген.

Жоспармен қамтылған 34 мемлекеттік органдарға 2025 жылы бару арқылы мониторинг жүргізілетіндігі ескертіліп, хат жолданды.

2025 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша аталған бағытта аумақтық департаментпен 20 мониторинг жұмыстары жүргізілген. Олардың арасында бару арқылы жүргізілген мониторингпен қамтылған 6 (оның ішінде – 1 бақылау бағытында жүргізілген тексеру кезіндегі мониторинг) мемлекеттік орган болса, қашықтықтан жүргізілген мониторингпен қамтылған мемлекеттік органдардың саны – 14.

Ескертпелерге қарамастан, бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 4 құқықбұзушылық анықталды. 

Осыған орай, 4 мемлекеттік қызметшіге құқықтарын қалпына келтіру бағытында 8 сағат тынығу сағаттары берілді.    

Жүргізілген мониторинг нәтижелерінде 45 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді. Құқықтарын қалпына келтіру бағытында 45 мемлекеттік қызметшіге 496 сағат тынығу сағаттары белгіленді.

Алдағы уақытта аумақтық департаментпен мониторинг жұмыстары және бару арқылы жүргізілмеген мемлекеттік органдарда қашықтықтан мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов