2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының өндірісінде 44 арыз-шағым қаралды.
Арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 13 азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды.
Департаменттің бақылау басқармасымен Соттар әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіндегі 10 мемлекеттік қызметкердің ұжымдық арызы қаралды. Арызда мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі бекітілмегендігіне байланысты құқықтарын қалпына келтіруді сұраған. Бақылау басқармасымен мемлекеттік қызметкерлердің арызы тексеру жүргізу арқылы қаралды.
Тексеру барысында арыз иелері 2025 жылға арналған кезекті еңбек демалыстарының кестесінде олардың жұмыс берушісімен бекітілмегендігі белгілі болды.
Осыған сәйкес, аумақтық департаментпен бақылау бағытында жүзеге асырылған тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 10 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, бақылау басқармасымен қаралған арыз-шағымдар арасында мемлекеттік қызметші тарапынан Әдеп нормаларын сақтамағаны үшін қызметкерге тәртіптік шара қолдану туралы ұсыным енгізіліп, тиісті шара алынды.
Арыз-шағымдарды қарау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарды әуре-сарсаңға салу, олардың өтінішіне тиісті дәрежеде жауаптар ұсынылмауына байланысты дер кезінде шара қолданып, 2 азаматтың құқықтары қорғалды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов