
⚜️24 сәуір қазақтың төл спорт түрі – қазақ күресінен 2010-2011 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жауынгер-интернационалист Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған Х-Республикалық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
⚜️Турнирдің басты мақсаты – ерлікпен ел есінде қалған жауынгер Сәлімжан Әлиевтің рухына тағзым ету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттап, дарынды жас спортшыларды анықтау болатын.
⚜️Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар, атап айтқанда Ақтөбе облысы, Атырау облысы және өзге де аймақтардың үміткер балуандары қатысып, бақ сынады. Турнир барысында -38 кг, -42 кг, -46 кг, -50 кг, -55 кг, -60 кг, -65 кг, -70 кг және +75 кг салмақ дәрежелері бойынша бәсекелер өтіп, жас палуандар өз шеберліктерін паш етті.
⚜️Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы, сондай-ақ марқұм Сәлімжан Әлиевтің майдандас, қарулас достары арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлері жас спортшыларға естелік сыйлықтар тарту етіп, олардың жігерін жаниды.
⚜️Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанған спортшылар медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, турнирге атсалысып, шәкірт тәрбиелеп жүрген бірқатар жаттықтырушыларға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.
⚜️Бұл турнир – жастарды спортқа тартуда, ұлттық рухты көтеруде және Отан қорғаушылардың ерлігін үлгі етуде маңызы зор іс-шаралардың бірі болды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі