⚜️22 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Санат Төкенов Бостан, Құланды, Сенек, Жетібай және Мұнайшы ауылдарын аралады. Сапар барысында ауылдардағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға баға берді.
⚜️Сенек ауылына кіреберістегі су шайып кету қаупі бар жол учаскесі де назардан тыс қалмады. Санат Төкенов аталған нысанның жағдайымен танысып, тиісті мекемелерге шұғыл түрде жөндеу және қауіпсіздік шараларын қабылдау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
⚜️Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысы қаралды. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
⚜️Аудан әкімінің орынбасары ауылдардағы ветеринариялық пункт құрылысын да қадағалап, нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.
⚜️Аталған жұмыстардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі