📢 Назар аударыңыз! "Жасөспірім" жедел-профилактикалық шарасы өтуде!

📢 Назар аударыңыз! "Жасөспірім" жедел-профилактикалық шарасы өтуде!

2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыры аралығында елімізде "Жасөспірім" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

👮‍♂️ Осыған орай Құрық теңіз порты желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері және әскерленген теміржол күзеті мен бірлесіп мектептерді аралап, оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Шара аясында:

Қоғамдық орындарда, пойыздарда тәртіпсіздіктің алдын алу,

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуға жол бермеу,

Балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары атқарылуда.

⚠️ Естеріңізге саламыз! Заң бойынша:

Кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындарында болуға,

23:00-ден кейін ата-анасыз көшеде жүруге қатаң тыйым салынған.

📌 Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды түнгі уақытта қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бұл — олардың қауіпсіздігі үшін маңызды!

Құрық теңіз порты ЖПб-і