Қарақия ауданында 8 пәтер кілті табысталды

Қарақия ауданында 8 пәтер кілті табысталды

⚜️1 наурыз күні  Құрық ауылында 8 пәтер кілті табысталды. Табыстау рәсіміне аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы,«AMANAT» партиясының төрағасы, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін тұрғын үй қолжетімді болуы керек» – деп атап өтті. Осы орайда, бүгін міне Құрық ауылында 8 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, Жетібай ауылында 16 пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы жылы тағы 20 пәтер сатып алу көзделген. Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Қоныстарыңыз құтты болсын!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.

⚜️ Қарақия ауданы бойынша қазіргі таңда  748 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде: әлеуметтік жағынан осал топтар – 347; Жетім балалар – 28; Көп балалы отбасы – 213; Бюджеттік санат  - 160.

⚜️Тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы мемлекет тарапынан 701,2 миллион теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 44 отбасы баспаналы болды. 2025 жылы аудан көлемінде 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.

⚜️Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

  Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі