Құрық – Жетібай бағыты бойынша жаңа маршрут іске қосылды

Құрық – Жетібай бағыты бойынша жаңа маршрут іске қосылды

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:

«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта елді мекендер арасындағы көлік қатынасын дамыту және тұрғындардың қозғалысын жеңілдету мақсатында «Құрық – Жетібай» бағытындағы жаңа маршрут іске қосылды. Бұл бағыт Жетібай, Мұнайшы, ст. Жетібай және Құрық елді мекендерін қамтиды.

⚜️Салтанатты ашылу сәтіне аудан әкімі Сымбат Төретаев, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының ардагерлері, ауыл әкімі, «CaspianTransCorporation» ЖШС өкілі қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.

- Аудан тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында Жетібай – Ақтау, Мұнайшы – Ақтау, Жетібай – Мұнайшы – ст. Жетібай, Құрық – ст. Қарақия – Маңғыстау жері бағыттарында қоғамдық көліктер іске қосылды. Бұл – тек бастамасы. Алдағы уақытта қатынас құралдарын жетілдіріп, халыққа барынша тиімді жағдай жасалады. Сонымен қатар, Құрық – Жетібай бағытындағы тас жолдың құрылысы аяқталып, аудан орталығына қатынау әлдеқайда ыңғайлы болды. Баршаңызды көптен күткен осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймын! – деді аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы.

⚜️Жаңа бағыттағы қоғамдық көлік пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылды. Жолақысы ересектерге - 300, балаларға - 150 теңгені құрайды. Бастапқы да қоғамдық көлік  күніне 3 рет кестеге сай қозғалады.

⚜️Аталған шаралар халықтың күнделікті тұрмысын жақсартуға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі