Қарақия ауданында кең көлемде сенбілік жұмыстары жүргізілді

Қарақия ауданында кең көлемде сенбілік жұмыстары жүргізілді

⚜️29 наурыз күні Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елді мекендерде абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше мән берілді.

⚜️Құрық ауылында Абай көшесіндегі ғимараттар толықтай әктеліп, мектептер мен балабақшалар аумағында сенбілік жұмыстары өтті. Сонымен қатар, 5 ескі қора-жай бұзылды.

⚜️Мұнайшы ауылында саябақтар мен ауыл маңы тазартылып, 8 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен бірге, акция аясында 120 түп туя ағашы отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

⚜️Құланды ауылында 1200 гектардан астам жер тазартылып, 7 текше метр қоқыс жиналды. Саябақтағы барлық ағаштар түптеліп, әктелді.

⚜️Жетібай ауылында тарихи қалдықтарды жою жұмыстары жалғасуда. Бостан және Сенек ауылдық округтерінде ағаш түптері қопсытылып, көгалдандыру шаралары жүргізілді.

⚜️Жалпы сенбілікке 200-ге жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тазалық саласының мамандары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.

⚜️Акция аясында аудан көлемінде 300-ге жуық ағаш отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған қоса, 20-дан астам ескі қора-жай бұзылып, 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

⚜️Қоршаған ортаны қорғау және көркейту бағытында қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі