
⚜️«Таза Қазақстан», «Таза жағалау» акциясы аясында жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен мемлекеттік қызметкерлер және тазалыққа жанашыр жастар сенбілік жұмыстарын кешенді түрде жүргізді.
⚜️Ауданымыздың тазалық мәселесін басты орынға қойған олар теңіз жағалауы мен саябақтарды қоқыстан тазартты.
Сондай-ақ, саябаққа тал көшеттерін егіп, түбін қопсытып және тазалық жұмыстарын жасады.
⚜️Сонымен қатар, ауданға қарасты барлық ауылдық елдімекендерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде 5 техника, 30 тоннаға жуық қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылып, 360 - қа жуық адам қатысып, 80 дана тал көшеттері егілді.
⚜️Бұл шара табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі