⚜️Жетібай ауылында жекелеген шағын аудандарында техногенді жағдайдан тоқ желісі зақымданып, істен шыққан болатын.
⚜️Қазіргі таңда, «Тұрмыс-Сервис» МКК, «МаңғыстауэнергоМұнай» ЖШС-нің мамандары арнайы техникалардың көмегімен орын алған ақауларды анықтау мақсатында жұмыстар атқарды.
⚜️Сонымен қатар, тұрғындардың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, істен шыққан трансформатордың орнына демеушілік есеппен «МаңғыстауэнергоМұнай» ЖШС жаңа трансформатор (КТП) тарту етті.
⚜️Осы орайда, «МаңғыстауэнергоМұнай» ЖШС басшылығына және ұжымына ризашылығымызды білдіреміз!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі