Аудан басшысы, ауыл тұрғындарымен ағаш отырғызу науқанына қатысты

Аудан басшысы, ауыл тұрғындарымен ағаш отырғызу науқанына қатысты

⚜️«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында  Құрық ауылына қарасты, Қарақия станциясы елді мекеніндегі жаңадан салынған саябаққа 80 - ге жуық жеміс  ағаштары мен ива, ирга және қаратал көшеттері отырғызылды.

⚜️Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға аудан әкімі, әкім орынбасары, аппарат басшысы, ауыл әкімі, мемлекеттік қызметшілер және ауыл тұрғындары қатысты.

⚜️Саябаққа егілген ағаштар жергілікті жерді жерсінген көшеттер. Сонымен қатар саябаққа суару жүйесі тартылып, күтіп ұстауға жауапты тұлғалар бекітілді.

⚜️Шара соңында тұрғындар ризашылығын жеткізіп, мәуелі баққа айналуына тілектестік білдірді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі