Қарақия аудандық орталық мешітінде ауызашар ұйымдастырылды

Қарақия аудандық орталық мешітінде ауызашар ұйымдастырылды

⚜️Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық орталық мешітте ауызашар берілді. Игі шараға аудан басшылығы, ардагерлер, қоғам белсенділері және мешіт жамағаты қатысты.

⚜️Шара барысында аудан әкімі жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтап, ауызашардың рухани маңызы туралы атап өтті. Сондай-ақ, ол қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарына мейірімділік пен қайырымдылықтың үлгісі болуға шақырды.

⚜️Ауызашар дастарханында қонақтарға дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылып, Құран оқылып, бата берілді. Шара соңында аудан тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани кештердің жалғасын табуын тіледі.

⚜️Бұл игі шара Рамазан айындағы қайырымдылық пен мейірімділік дәстүрлерін насихаттауға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі