Құрық ауылындағы саябақтарға су желісі тартылуда

Құрық ауылындағы саябақтарға су желісі тартылуда

⚜️Құрық ауылындағы «Қарақия станциясы» елді мекеніндегі орталық саябаққа су желісін тарту жұмыстары бастау алды. Бұл бастама саябақтарды көгалдандыру және тұрғындарға жайлы демалыс аймақтарын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

⚜️Ағымдағы жылы Құрық ауылындағы барлық саябақтарға су желісі жүргізілетін болады. Осылайша, жасыл желекті көбейтіп, демалыс орындарының көркейтілуіне жағдай жасалады.

⚜️Сонымен қатар, Құрық ауылындағы барлық саябақтарды күтіп ұстау, абаттандыру және сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар қоғамдық орындардың тазалығы мен эстетикалық көрінісін жақсартуға бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі