Жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес, ол адамгершілікке, ұлттық болмысымызға сын...

Жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес, ол адамгершілікке, ұлттық болмысымызға сын...

Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуын тежейтін, мемлекет тұтастығына зиян келтіретін күрделі мәселе. Қоғамда бұл індетке қарсы қауқарлы күрес жүргізу – әрбір азаматтың борышы. Әсіресе, жастардың бойында адалдық, заң талаптарын құрметтеу сияқты құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды. Ел болашағы – әділдік пен тазалықта екенін ұғындыру үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет.

Бүгінде ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, ғаламтор адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы жемқорлыққа қарсы күресті күшейте аламыз. Әлеуметтік желілер, бейнероликтер, қоғамдық іс-шаралар мен мәдени бағдарламалар арқылы жастарға адал еңбектің маңыздылығын жеткізуіміз керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың заң алдындағы жауапкершілігі ауыр екенін түсіндіру де басты міндет.

Жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес, ол адамгершілікке, ұлттық болмысымызға сын. Бұл құбылысқа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін құқықтық сауаттылықты арттыру аса маңызды. Көп жағдайда азаматтар заңды білмегендіктен немесе оның салдарын түсінбегендіктен жемқорлыққа бейсаналы түрде араласып кетеді. Сондықтан қоғамда құқықтық білім мен жауапкершілік деңгейін көтеру басты назарда болуы тиіс.

Аға буын өкілдері жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларға әділетті қоғам құру жолында үлгі бола білуі қажет. Керісінше, олардың жолын кес-кестемей, адалдықтың артықшылығын көрсетуіміз қажет. Қазіргі заман технологиялары жемқорлыққа қарсы күреске үлкен мүмкіндік береді. Ақпараттық құралдар мен сандық технологияларды пайдалану арқылы алдын алу шараларын күшейтуіміз қажет.

Жемқорлық – ең ауыр кеселдің бірі. Қоғамда бұл дертке қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана біз әділ әрі дамыған мемлекеттің негізін қалай аламыз. Білім мен тәрбие – осы күрестегі басты қару. Адалдық, тектілік, әділеттілік – халқымыздың қастерлі ұстанымдары. Осы құндылықтарды сақтай отырып, кемел болашаққа қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Т.Төкенов