Ақтауда көші-қон қызметі енді жаңа мекенжайда көрсетіледі

Ақтауда көші-қон қызметі енді жаңа мекенжайда көрсетіледі

Көші-қон қызметтерін көрсететін ХҚКО секторы №2 ХҚКО бөліміне көшті. 18 наурыздан бастап қызмет алушылар көші-қон бағытындағы мемлекеттік қызметтерді  3б ықшам ауданы, 51-ғимаратындағы мекенжай арқылы ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін шетелдік азаматтарға көрсетілетін қызметтерді тұрғындар 21- шағын аудан, 1-ғимаратта орналасқан көші-қон ХҚКО-да  алатын.

Аталмыш, секторда 10 қызметкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері шетелдік азаматтарға 3600-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Атап айтқанда, уақытша тұруға рұқсат -1134, иммигранттықты беру және ұзарту -1978, шетел азаматтарына ЖСН беру -431, еңбек иммигрантына рұқсаттың төлнұсқасын беру бойынша – 52 қызмет көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, №2 ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін  жұмыс істейді.