«Ауыл - ел бесігі»:

«Ауыл - ел бесігі»:
Құрықтағы кіре беріс жол бойына жарық бағаналары орнатылды
Құрық ауылын абаттандыру мақсатында көптеген игі істер атқарылуда. Солардың бірі - көше жарығы.
Тұрғындар тарапынан ауылдың кіре берісіне жарық бағаналарын орнату туралы ұсыныстар көтерілген болатын. Халықтың ұсынысы ескеріліп, республикалық бюджетке сұраныс беріліп жарық бағаналарын орнатуға қолдау табылды.
Бүгінгі күні, «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құрық ауылының барлық шағын аудандарын жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазір 1000 - нан аса энергия үнемдегіш шамдар қойылды.
- Орнатылған жарық бағаналары көңіл қуантады. Тұрғындардың өтінішіне бей-жай қарамай елеп-ескеріп жатқан басшылыққа ризашылығымызды білдіреміз - дейді ауыл тұрғандары риясыз көңілдерін білдіріп.
Жарық шамдарын орналастырумен мердігер мекеме «БекАктауГазСнап» ЖШС жүргізді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі