ХҚКО қызметкерелері «Донор» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

ХҚКО қызметкерелері «Донор» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

«Азаматтараға араналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметекерлері «Донор» қайырымдылық шарасын өткізді.

Акцияның басты мақсаты – донорлық арқылы қан қорын арттыру, қайырымдылыққа ат салысу. Аталмыш шараға  ХҚКО-ның 20 ға жуық қызметкері үлес қосты. Шараға жол бастап Мемлекеттік корпорацияның Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Мұзбаев Айбек Нұрғалиұлы  қатысты. 

« Медицина қан берудің адам ағзасына пайдасы көп екенін дәлелдеді. Бұл менің бірінші тәжірибем емес. ХҚКО қызметкерлері де мұндай акцияларға жылда ат салысып тұрады», -деді Айбек Мұзбаев.

Сонымен қатар Айбек Мұзбаев көпшілікті қайырымдылық жасап, өзгелердің өміріне араша болуға шақырды.

Шараға қатысушылар алдын-ала қан тапсыру шарттары мен міндеттерін орындады. Донорлық қан күн сайын қажет. Өз қанымен бөліскен әр азамат бірнеше адамның өмірін сақтап қалады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ МО бойынша филиалының баспасөз қызметі