АХАТ функцияларының «Азаматтарға арналған үкіметтегі» жұмысы

АХАТ функцияларының «Азаматтарға арналған үкіметтегі» жұмысы

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға араналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілді.

  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізінде технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіліп келеді.

 АХАТ органдары тууды, қайтыс болған, неке қию немесе некені бұзу туралы хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, толықтыру  сынды қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда азаматтық хал актілерінің қызметтерін тіркеу, куәліктер мен анықтамаларды алу жұмысы бұрыңғы қалпында жалғасуда. Маңғыстау облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу  қызметімен 5 аудандық және 2 қалалық АХАТ бөлімдері айналысады.

2023 жылдың қаңтар-тамыз  айларында АХАТ бөлімдерінде барлығы 19377 азаматтық хал актілері тіркелген, оның 5229-ы шілде-тамыз айларында енгізілді. 2023 жылдың шілде-тамыз айларында АХАТ бөлімдерінде:

        - 885 акт жазбаларына өзгерістер енгізілді,

        - 657 акт жазбалары қалпына келтірілді

        - 5764  бастапқы куәліктер берілді

        -1665 қайталама куәліктер, 461 анықтамалар берілді.

 Неке қию туралы 936 куәлік, туу туралы 3610 құжат  табысталды.

ХҚКО бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Сенбі күндері Ақтау қалалық №1 бөлімі мен Ақтау қаласының МХҚО-сы кезезекшілік қызмет көрсетеді.

 Сонымен қатар Қазақстандықтар 1414 біріңғай байланыс орталық нөмірі арқылы, еGov порталында, Egov mobile  қосымшасы арқылы қызмет алып, ХҚКО-ға кезекті алдын-ала брондай алады.

 

  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының МО филиалының баспасөз қызметі