ЖЕТІБАЙ АУЫЛДЫҚ АУРУХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ ОТА ЖАСАУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

ЖЕТІБАЙ АУЫЛДЫҚ АУРУХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІ ОТА ЖАСАУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ
Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық аурухананың дәрігерлері "жедел аппендицит" диагнозына байланысты шағыммен келген науқасқа ота жасады.
«Іштің ауырсынуы» көпшілігімізге таныс симптом. Тағамнан уланудан бастап, диарея соқыр ішектің қабынуы да себеп бола алады. Соқыр ішек (аппендикс) оң жақ мықын аймақта орналасқан кішкене өсінді, ал оның қабынуын аппендицит деп аталады.
Жетібай ауылдық ауруханасының хирургия бөлімшесінде, аталған аурухананың директоры хирург Берік Каунов, бөлім меңгерушісі Жамбыл Хасан, анестезиолог Азат Кадировтың қатысуымен жедел аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясы жасалды.
Мұндай оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ( МӘМС) аясында тегін жасалады.
Айта кетейік, Жетібай ауылдық ауруханасында 2018 жылдан бері хирургия бөлімінде операциялар жасалмаған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, ауруханаға білікті мамандардың келуімен операция жасау жұмысы жалғасын табуда.
МӘМС жүйесі арқылы ауыл тұрғындары медициналық қызметтің неғұрлым кең тізбесін алуға мүмкіндігі бар.
Жетібай ауылдық ауруханасында орындалатын стационарлық оталар тізімі:
1. Плевральді қуысқа пункция бюлау, орнату, дренаждау.
2. Жедел және созылмалы аппендицит.
3. Жедел ішек өтімсіздігі.
4. Асқазан тесілу жарасы
5.Өт тасы аурулары, холецистэктомия
6. Жедел перитонит.
7. Дивертикулды жою.
8. Іштің жабық жарақаттары (асказан, ішек, бауыр, көк
бауыр, шарбы майлары жарақаттарына жедел ота).
9. Миллиган, Морган бойынша геморройдектомия.
10. Жедел парапроктит
11. Мармар және Иванисевич бойынша Варикоцеле
12.Үлкен колемдегі денедегі катерсіз ісіктер.
13. Шап, кіндік, іштің ақ сызығының жарығы, отадан кейінгі жарықтар.
14. Сынықты түзету және орнына қою.
15. Гипсті лонгеттер қою
16.Бурсит, синовит.
17. Карбункулы
18. Денедегі түрлі флегмондар, абсцесстер.