«QazaqGaz» ҰҚ келісімшарттық аумағында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының Аққұдық учаскесінде жалпы тереңдіктегі нүкте әдісімен 2D және 3D далалық сейсмикалық барлау жұмыстары жүріледі, деп күтілуде.
Бұл жөнінде бүгін Қарақия ауданы әкімдігіне арнайы іссапармен келген «QazaqGaz» ҰҚ өкілдері мәлімдеп, ауданға әріптестік ұсыныс жасады.
Аудан басшысы Сымбат Төретаев, жаңа жобамен таныса келе, аталған жобаны жүзеге асырушыларға бірқатар талаптар қойды. Егер жоба жүзеге асқан жағдайда, ең бірінші жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, әсіресе, жоба нысанына жақын орналасқан Сенек, Құланды, Бостан ауылдарына басымдық беру керегін айтты. Сондай-ақ жобаның жүзеге асу аумағындағы елді мекендер мен табиғат жағдайының ерекшелігін заң талабына сай ескеруді сұрады.
– Аққұдық елді мекені маңында жер қойнауын геологиялық зерттеу және барлау жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізбекшіміз. Оң нәтиже шықса, ары қарай кен орыны ашылып, газ өндірілуі керек. Осы бағытта жергілікті сұранысқа сай инвестиция салынуда.
Себебі, Маңғыстау облысы бойынша жылына тұтынатын табиғи газдың сұранысы – 3 млрд м3. Ал, өзімізден өндіріліп отырған газдың көлемі – небәрі, 1 млрд шаршы метрді құрайды. Қазір Маңғыстаудағы бұл газ тапшылығы Атырау облысынан жеткізу арқылы өтеліп отыр.
Жоба жүзеге асса, өңірде газ тапшылығын болдырмауға мүмкіндік болады. Сондай-ақ жұмыссыздық мәселесіне де оң ықпалы тиері сөзсіз,‐ дейді «QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау ісі бойынша департаментінің директоры
Калимов Артур Мұхитұлы.
Айта кетейік, бұл жоба бойынша, 2023 жылдың 2 қазан күні Сенек ауылында қоғамдық тыңдау өткізіледі.