Діни экстремизм және терроризм

Діни экстремизм және терроризм

Діни экстремизм мен терроризм бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани жағдайына кесірін тигізіп отырғаны рас. Елімізде де ислам дінін желеу етіп, жат ағымның жолына түскендер аз емес.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16-маусымда Құрық теңіз портына қызмет көрсету жөніндегі желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ≪Құрық теңіз порты ЖШС≫ мекемесінің қызметкеріне Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында деструктивті және радикалды ағымға қарсы бастапқы әдістемелік сабақ өткізіп, терроризм актілері туралы көрнеу, жалған хабарлама беру, фактілерін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар «Құрық теңіз порты ЖШС» мекемесінің қызметкерлеріне есірткінің адам үшін ең қауіпті зат екенін, есірткіні шеккенде өз-өзіне үлкен күнә әкелетіндігін және бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерінің алдын алу мақсатында, өзінің жеке заттарына жауапкершілікпен қарап сақ болу керектігінде айтып профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.