Жеңіс күні қарсаңында барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өтті.
Аталған диктантқа Қарақия ауданының барлық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бір уақытта диктант жазып, белсенді түрде қатысты.
Мақсаты — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін
дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.