Қарақиялық тұрғын мақта, жүн түтумен айналысады

Қарақиялық тұрғын мақта, жүн түтумен айналысады
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тұрғыны Эльвира Еленова қайтарымсыз грант алып, сол қаржысына мақта, жүн түтетін цех кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эльвира Еленова аудан орталығы Құрықта үй жағдайында цехты жалдау арқылы кәсібін бастады.
-Жобаның ары қарай жалғасуы үшін шаруашылығы бар кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап, қой, түйе жүндерін жинап, жуып, түтіп, нарыққа шығаруға тігін шеберханаларымен келісім жасасу керек. Ауданымызда ұлттық қолөнер бұйымдарын, қыз жасауын жасайтын шебер жандар көп, - дейді Эльвира Еленова.
Кәсіпкердің айтуынша, бұрынғы қолданыстағы мақталарды түтуге, қайта өңдеуге тапсырыстар жиі түседі екен.