Құрметті маңғыстаулықтар!

Құрметті маңғыстаулықтар!
Жер-дүниені нұрлы шуағына бөлеп, шапағатын шашқан Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурызбен еліміз тағы қауышты. Бағзыдан жол тартқан ата-баба дәстүрінің үзігіндей, сарқылмас қайнарындай Ұлы мейрамымыз баршамызға құтты болсын!
Қалың қардың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітетін, табиғат-анамыз бусанып, түрленетін осынау сәулелі де сұлу мезгіл – Ару-Көктеммен келген Наурыз мейрамы – еліміздегі ырыс пен ынтымақтың бастауы, татулық пен бірліктің берік босағасы!
Кең пейілді қонақжай халқымыз өзінің ниетіндей ақ дастарқан жайып, елдің тыныштығы мен берекесін, халықтың келісімі мен ауызбіршілігін, ұрпақтың кемел келешегін тілеген. Алыс кеткен ағайын Наурызда жүздесіп, төс қағысып қауышып, араз жандар татуласып, өкпе-ренішті ұмытқан.
Бабаларымыз «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – бірлік» дегендей, елдің ынтымағы мен жердің берекесі бәрінен қымбат деп санаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Біз аз уақыттың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік»,- деп атап өтті.
Президентіміздің тың бастамаларымен еліміз қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісіне көшті. Түрлі салада ауқымды өзгерістер жүріп, дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық.
Қадірлі жерлестер!
Халқымыздың мeрeйін өcіріп, терең тамырлы бірегей бoлмыcымызды aйшықтaйтын қacиeтті Нaурыз мейрамы eлімізгe, әрбір oтбacынa шат-шадыман қуaныш, ырыс пен құт-бeрeкe, баянды бaқыт пeн мoлшылық әкeлcін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев