Адал ұрпақ– мәңгілік- ел болашағы

Адал ұрпақ– мәңгілік- ел болашағы
Қазақ ұрпағын біреудің ала жібін аттамауға, антқа берік, уәдеге шынайы жүзбен қарауға тәрбиелеген. Сол ұлағатты бабалардың аманатын сақтау бүгінгі ұрпақ алдындағы парыз!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру идеясы да, осы бағытта екенін ел болып қолдап, жаңа өзгерістерге жол ашуымыз керек. Әрбір тарихи мәні зор алпауыт елдердің тұрақтылығы мен жетістіктерінің кепілі– адалдық.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның дерті. Оны болдырмау үшін, адами жауапкершілігімізді жоғары қоя білуге міндеттіміз. Ең бастысы ұрпақ адалдығы. Кешегі жаужүрек батырларымыз бен ісін адал атқарған ұлағатты ел басқарушылардың аманаты, бүгінгі қазақ жері. Осы ұланғайыр атырапты қорғау, шынайылық пен адалдықты талап етеді.
Ендеше ертеңгі ұрпаққа дұрыс жол көрсетеміз десек, тәрбиені өзімізден бастайық. Өмірдің ең үлкен сыйы– ол адалдық екенін ұмытпайық!
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі