Тек Қазақстан емес, бұл індет әлемнің қай-қайсы елінде болса, сол елдің қасірет шегері хақ.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс.
Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» - деп сыбайлас жемқорлықпен күрестің мән-маңызына тоқталып өткен болатын.
Негізі «сыбайлас жемқорлық», «пара» деген ұғымдардың астарын ашып, мән-мағынасына үңілер болсақ, бұл ұғымдар сонау сан ғасыр, сан мың жылдар бұрын пайда болғанын тарих дәлелдейді. Бұл жөнінде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыздың еңбектерінен кездестіре аламыз. Мысалы: ІХ ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат» атты еңбегінде де дәл осы тақырып сөз болады.
Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны – Абай Құнанбайұлы қоғамдағы жемқорлық жайын назардан тыс қалдырмаған тұлғалардың бірі. Ақынның осы тақырыпқа жазған өлеңдерінің бірі – «Жаңа закон» өлеңі. Бұл өлеңде сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы жемқорлық, рухани құлдырап бара жатқан ел тағдыры туралы ойлар ақынның көзқарасы арқылы түйінделіп жазылған.
«Ұрды, соқты,талады, пара алды деп,
Қор боларсың өтірікке есің шығып» -деген жолдар арқылы да Абай өлеңдерінің өзегі болған тақырып – сыбайлас жемқорлық екенін байқа аламыз.
Улы тілмен улаттым – деген жолдарынан Дулат Бабатайұлы Ресей отарлауында болған қазақ халқына жасалған әділетсіздіктер, билер мен бектердің әділетсіздігін, парақор, жемқорлығын осы өлең жолдарымен ақ таныта алды деуге негіз бар. Демек, сыбайлас жемқорлық мәселесі мұнда туған мәселе емес, қазақ қоғамында ертеден ақ ізін салған індет екенін байқаймыз.
Жемқорлықпен күрестегі бейқамдық пен әрекетсіздік халық наразылығын тудырушы маңызды факторлар болып табылады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, қоғамға мүлде пайда әкелмейтінін естен шығармағанымыз абзал.
Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
"№1ЖББМ"КММ директоры: Шатенов Оразбай Бердіханұлы