Құрық ауылының кіре беріс жолдарына жарық шамдарын орнату жұмыстары басталды

Құрық ауылының кіре беріс жолдарына жарық шамдарын орнату жұмыстары басталды
Қарақия ауданының орталығы саналатын Құрық ауылы жыл санап көркейуде. Бұл күнде 10 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда, ауылдың гүлденуі, өсіп-өркендеуіне, абаттандыру мақсатында көптеген игі істер атқарылуда.
Соның бірі ауыл әкімінің есептік кездесуінде ауыл тұрғындарының көпшілік тарапынан ауылдың кіре берісіне жарық бағаналарын орнату туралы ұсыныстар көтерілген болатын. Ауыл тұрғындарының ұсынысы ескеріліп,есептік-кездесуде көтерілген мәселе жоспарға енгізілді.
Осы орайда жергілікті бюджетке сұраныс беріліп жарық бағаналарын орнатуға қолдау табылды. Құрық ауылының кіре берісіне жарық шамын орнатуға сметалық құжаттама жасақталып құрылыс жұмыстары басталды.
Күні бүгінге дейін, Құрық ауылынан Ақтау бағытына шыға берістен бастап «ТанаГаз» газ құю бекетінің қиылысына дейінгі аралыққа 1 мың 300 метр қашықтыққа 8 қырлы, биіктігі 9 метрді құрайтын 27 дана жарық шамына арналған бағана және әр бағанаға 200 Вт (LED) электр үнемдегіш жарық шамы, жанына ойнамалы жұмсақ неонды свет орнату жұмысы жүргізілуде.
Жарық шамдарын орналастырумен мердігер жеке кәсіпкер Кәдіров Мирас Бекмұратұлы айналысуда.
«Орнатылып жатқан жарық бағаналары көңіл қуантады. Жап-жарық мекен көзге оттай басылатын болады. Тұрғындардың өтінішін жай-жапсар қарамай елеп-ескеріп жатырған басшылыққа ризашылығымызды білдіреміз» - дейді ауыл тұрғандары риясыз көңілдерін білдіріп.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі