Барлық деңгейдегі әкімдердің 2019 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2019 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Барлығы 44 тапсырма берілді, оның 30-і орындалды, 14-ы бақылауда. 

Іс шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Орындалысы

Құрық ауылы бойынша

1

Құрық ауылы Карьер көшесіне газ тарту ЖСҚ жасақтау

сәуір

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

 

ОРЫНДАЛДЫ

«Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында «Карьер» көшесінің тұрғын үйлері үшін газ құбырын салу» нысанына толық жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, жоба құны 48,039 млн. теңге құрайды, құрылыс жұмыстарын бастауға бюджеттік өтінім берілді.

2020 жылға бастапқы құрылыс жұмыстарына  2 млн теңге бөлінді.

2

«Құрық-ст Ералы» 12 шақырым көлік жолының орташа жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

 «Ералиев станциясына кіреберіс»                                  12 шақырым автожолына орташа жөндеу жүргізу мақсатында сметалық құжаттама жасақталып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінен ведомстволық сараптаманың 2018 жылдың                    5 шілдесінде №336 оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 205,2 млн. теңгені құрады. 2020 жылға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

 

3

Құрық ауылында кәріз тазарту имараты (КОС) құрылысын бастау

2019-2020 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

 

БАҚЫЛАУДА

Құрық ауылында инвесторлар есебінен 600 м3 кәріз тазарту имараты салу үшін «QazanSiT» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

4

Құрық ауылында 7,1 шақырым ауылішілік жолдарына асфальт төсеу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

 

ОРЫНДАЛДЫ

 «Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын салу» (1-кезек) жұмыс жобасының құрылысына 2019 жылы 150,0 млн. теңге қаржы бөлінді, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. «Ақ жол құрылыс» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Нысан өтпелі, 2019 жылға бөлінген 150,0 млн. теңгеге бүгінгі күні 3552 метр жолдың құрылысы аяқталды. Нысанды толық аяқтау мақсатында қажетті қаражат көлемі 152,6 млн. теңге қажет. 2020 жылға қаражат қаралды.

 

5

№9 бастауыш мектебі орнына "Дарын" орталығын ашу және өнер мектебін көшіру бойынша шаралар алу

2019 жыл тамыз

Б.Тұяқов

А. Кульбаева

Қ. Рысбаев

ОРЫНДАЛДЫ

Мектеп ғимаратын Өнер мектебіне беру жөнінде 27.08.2019 жылғы бұйрығы рәсімделіп, 04.09.2019 жылғы алу-беру актісімен тапсырылды және бекітілді.

№9 бастауыш мектебінің 1-қабатына өнер мектебін,2-қабатына «Дарын орталығын» ашу жоспарланған болатын.Алайда ғимаратта кабинет санының жетіспеуіне байланысты өнер мектебі екі қабатқа да оналастырылды.Алдағы уақытта өнер мектебіне бөлек ғимарат салынған жағдайда,№9 бастауыш мектебінің ғимаратынан «Дарын» орталығын ашу жолдары қарастырылатын болады.

6

Құрық ауылы көше жарығы жоқ орындарды жарықтандыру

Жыл бойы

Г.Қылаубаева

М.Төлегенов

Б.Абилов

Ғ.Серікбаев

ОРЫНДАЛДЫ

«Тұрмыс-Сервис» МКК-ң өз қаражаты есебінен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алиева, Мамедова, Абай көшелеріне көше жарықтары орнатылды.

7

Ст.Ералы №2 бастауыш мектепте жапсаржай құрылысын аяқтау

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 75%. Нысан 2020 жылға өтпелі.

8

Құрық ауылы Аппақ елді мекеніне қызметтік пәтер құрылысын салу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалары жасақталды. Жобаны іске асырып, қаражат қарастыру мақсатында тиісті бюджеттік өтінімдер берілді. Жоба құны: 231 млн тенге.Коммуналдық 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы.

2021 жылға бастапқы құрылыс монтаждау жұмыстарына 102 459 млн теңге, қаралды.

9

Құрық ауылының теңіз жағалауында қоғамдық жағажай салу

2019-2020 жыл

М.Төлегенов

БАҚЫЛАУДА

«Ерсай» компаниясының демеушілігімен Құрық ауылының теңіз жағалауында қоғамдық жағажай салу жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жетібай ауылы бойынша

10

Жетібай ауылы Ж.Мыңбаев шағын ауданындағы 40 жер учаскесіне ұзындығы 3 шақырым газ құбырын тарту

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Ғ.Салихов

БАҚЫЛАУДА

Ж.Мыңбаев шағын ауданындағы 40 жер учаскесіне газ құбырын тарту үшін «Проектный центр» ЖШС-мен ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаманың ПСО шықты құны 36,1 млн тенге 2020 жылы құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілді.

2020 жылға бастапқы құрылыс жұмыстарына  2 млн теңге бөлінді.

11

Жетібай ауылындағы ескі үйлер мәселесі

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Қ.Асанов

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Ескі үйдің мәселесі бойынша тиісті мекемемен келісім-шартқа отырып, апатты деп тану жөнінде құжаттары жасақталынды. Жетыбай ауылындағы 72 пәтерлі 3 қабатты екі жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына ЖСҚ жасақталды. Жалпы сметалық құны 1 570,436 млн.тг. бастапқы қаражат қарастырылып, ашық конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды. Келісім шарт құны – 1 млрд 504 млн 806 теңге

Бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстарына 10 млн теңге бөлініп, құрылысы басталды.

12

Жетібай ауылында №4 орта мектебінің ескі ғимаратының спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізіп, бокс және кикбоксинг үйірмесін ашу

2019 жыл қыркүйек

Г.Қылаубаева

Қ.Асанов

БАҚЫЛАУДА

«Оңдасын строй» ЖШС қолдауымен жыл соңына дейін бастау жоспарлануда

13

Жетібай ауылындағы Астана, Аэропорт шағын аудандарға су құбырын салу жұмыстарын аяқтау

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Қ.Асанов

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Қазіргі таңда нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып халық игілігіне               беру жұмыстары жүргізілуде.

14

Жетібай ауылындағы инклюзивтік білім беру ғимаратын әрі қарай қызмет ету үшін облыстық білім басқармасының құзыретіне беру

2019 жыл

Б.Тұяқов

Қ. Асанов

Қ.Рысбаев

ОРЫНДАЛДЫ

Инклюзивті білім беру ғимаратының жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт 03.05.2019 жылы алынды, ғимараттың техникалық паспорт құжаты рәсімделді.Облыстың коммуналдық меншігіне беруге аудандық экономика және қаржы бөлімінің  02.09.2019 жылғы бұйрығы және қаржы басқармасының 06.09.2019 жылғы бұйрығы рәсімделді, облыстық білім басқармасының «Құрық психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті» КММ-не алу-беру актісімен тапсырылды. Кабинет ашылып жұмысын бастады. 

15

Жетібай ауылының жаңа шағын аудандарында халықтың өсуіне байланысты 600 орындық жаңа мектеп құрылысын бастау

2019-2020 жыл

Г.Қылаубаева

Ғ.Салихов

А.Кульбаева

ОРЫНДАЛДЫ

ЖСҚ жасақталып, жобалық құны – 1 880 906 мың теңгеге Республикалық бюджетке өтінім берілді.

2021 жылға бастапқы құрылыс жұмыстарына 865 млн 735 мың теңге қаралды.

16

Жетібай және Мұнайшы ауылдары тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Еділ суын тазарту өндірістік стансасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

2019 жылы 54,0 млн. теңге қаржы бөлінді, мердігер мекеме «КББ Групп Сервис» ЖШС. Тиісті жұмыстар жүргізілді.

17

Жетібай ауылындағы су сақтау қоймасына қосымша 3000 кубтық резервуар құрылысын салу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Қазіргі таңда, құрылыс – монтаждау жұмыстарының 50% жұмыстары аяқталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.

18

Жетібай ауылында №4 орта мектебінің ескі ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру арқылы жекеменшік балабақша ашуды қарастыру

2019-2020 жыл

Б.Тұяқов

А.Кульбаева

Қ.Рысбаев

БАҚЫЛАУДА

Ескі мектеп ғимаратын балабақшаға қайта құрылымдау мақсатында жоба жасақталып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыруға 2016 жылы облыстық білім басқармасына ұсынылды.

Қазіргі уақытта жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асырудан алынды.

Алдағы уақытқа жобаны іске асыру бойынша құжаттарын және шарттар мен талаптарын  жаңалау жоспарлануда (облыстық білім басқармасынан телефон байланысы арқылы алынған ақпарат негізінде).

Мұнайшы ауылы бойынша

19

Мұнайшы ауылындағы асфальт жол төселмеген үш көшеге 5,7 шақырымына тасжол төсеу ЖСҚ жасақтау

Наурыз 2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

А.Кульбаева

ОРЫНДАЛДЫ

ЖСҚ және мемлекеттік сараптама демеуші арқылы жасақталды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алынды. Жоба құны – 465 914,0 тыс тенге. 2020 жылға бюджеттік өтінім берілді.

20

Мұнайшы ауылы Жаңақұрылыс-2 шағын ауданындағы 65 үйге газ құбырын жүргізу ЖСҚ жасақталды

маусым 2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

 

ОРЫНДАЛДЫ

ЖСҚ жасақталды. Жоба құны –  105 281 мың.тенге. жобаны іске асыру мақсатында, бюджеттік өтінім берілді.

2020 жылға бастапқы құрылыс жұмыстарына  1 млн теңге қаралды.

21

Мәдениет үй ғимаратының жылу жүйесін жақсарту

2019 жыл

Б.Абилов

Д.Атағараев

ОРЫНДАЛДЫ

11.10.2019 жылғы  № 49 келісім шарт бойынша «Нефтипромсервис» ЖШС мекемесі жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын  жүргізді, алайда қазіргі таңда Мәдениет үйінің  жылулығы                        40°дейін жылытып тұр. Себебі бір қазандық сегіз ғимаратқа қызмет көрсетеді, соның сегізіншісі Мәдениет үйінің ғимараты.

    Осыған орай, аталған кемшіліктерді жою үшін Мәдениет үйіне бөлек қазандық орнатылу қажет.

 

22

Мұнайшы ауылындағы әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін ауылішілік кәріз желісін жүргізу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

 

ОРЫНДАЛДЫ

Жергілікті бюджет есебінен бастапқы қаржы бөлініп, ашық конкурс нәтижесімен «QazaqPromStroi» ЖШС анықталды. Биылғы жылға қаралған 24,303 млн.тг толықтай игерілді. құрылыс – монтаждау жұмыстарының 33% жұмыстары аяқталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.

23

Ст Жетібай елді мекені қазақ ауыл көшесіне су тарту жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Б.Бекмурзаев

БАҚЫЛАУДА

Қазақ ауыл көшесіндегі көшеге су тарту жұмыстарын жүргізу үшін КТЖ мекемесінен келісім алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Құланды ауылдық округі бойынша

24

Құланды ауылы ауыл ішілік автокөлік жолдарын (6,5 шақырым асфальт жол) салуға ЖСҚ жасақтау

Наурыз 2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

К.Беккалина

ОРЫНДАЛДЫ

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жұмыс жоба құны – 147 365,0 тыс. тенге салынатын жолдың ұзындығы 2,7 шақырым. Сонымен қатар, 3 шақырым жолға ЖСҚ-ма жасақтауға бюджеттік өтінім берілді.

25

Құланды ауылындағы ескі мектеп пен амбулатория ғимараттарын әрі қарай пайдалану бойынша нақты шаралар алу

2019 жыл

Б.Тұяқов

Қ.Рысбаев

 К.Беккалина

С. Төкенов

БАҚЫЛАУДА

 

Ескі мектеп ғимараттарын  бағалату бойынша 15.04.2019 жылы бағалау есебі алынды және эксперттің техникалық жұмыстары жүргізілді, 12.06.2019 жылы техникалық қорытынды алынды. Мектеп ғимаратын 2019 жылғы жекешелендіруге жататын нысандар тізбесіне енгізіліп, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілді.Алайда қажеттілікке байланысты басқа  әлеуметтік нысан ретінде пайдалану мақсатында  аукцион тоқтатылды.

Құланды дәрігерлік амбулаториясының ескі ғимаратының құжаттарының болмауына байланысты барлық құжаттары қайта жасақталуда. Аудандық жер комиссиясының 18.12.2019 жылғы № 11 отырысында қаралып, «Құланды аулынан «ескі дәрігерлік амбулатория құрылысын салу үшін» берілген жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімдеп берілсін. Жерге орналастыру жобасы жасақталсын» деген шешім қабылданып, құжаттарды рәсімдеу жұмысы жалғасуда.

26

Құланды ауылына жаңа жедел жәрдем автокөлігін алу

2019 жыл

Б.Тұяқов

Г.Бегниязова

БАҚЫЛАУДА

Құланды ауылына жаңа жедел жәрдем көлігіне сұраныс облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда.

27

Құланды ауылында кең жолақты интернет желісін тарту

2019 жыл

 

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

Кең жолақты интернет желісі жүргізіліп, қазіргі таңда аталған интернет желісін қосу мақсатында КазТрансГазАймақ және КТЖ АҚ мекемелерімен келісу қағаздары рәсімделуде.

28

Құланды ауылында кәсіпкерлер тарапынан спорт зал салу мәселесін қарау

2019 жыл

Д.Атағараев

Ә.Әбдіхалықова

ОРЫНДАЛДЫ

Құланды ауылындағы  спорт залдың құрылыс жобасын дайындауда.  ГазКа рұқсат құжаттары дайын. Қазіргі таңда құрылыс материалдары түсірілуде.  Құрылысы  басталмады. Жоба жабық түрде 100 балаға арналған.

Сенек ауылы бойынша

29

Сенек ауылы Түйесу жанындағы үйлерге көше жарығын орнату

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

Ғ.Серікбаев

 

БАҚЫЛАУДА

Түйесу көшесінде электр линиясы АО МРЭК мекемесіне қарасты болғандықтан көше жарығы орнатылған жоқ. Көше жарығын орнату мақсатында келіссөздер жүргізілуде. ЖСҚ жасауға бюджеттік өтінім берілді.

30

«Қызылсый-Сенек автожолының 14-31 шақырымаралығында 17 шақырымды орташа жөндеу

2019 жыл, тамыз

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

Қ.Рысбаев

ОРЫНДАЛДЫ

Республикалық бюджеттен 203 397 мың теңге қаражат бөлініп,  мердігер мекеме «Ақ жол құрылыс» ЖШС. Нысан өтпелі 2020 жылға.

31

«Сенек-Аққұдық» бағытындағы автокөлік жолын ретке келтіру

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

2019 жылға бөлінген қаражатқа сәйкес «Сенек-Аққұдық» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының күтіп ұстау жұмыстарына жауапты мекеме «Алтынқұрық» ЖШС жолын ретке келтіру бағытында жұмыстар тиісті жұмыстар жүргізілді.

32

Сенек ауылы бойынша кең жолақты интернет желісін тарту

2019 жыл

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

Кең жолақты интернет желісі жүргізіліп, қазіргі таңда аталған интернет желісін қосу мақсатында КазТрансГазАймақ және КТЖ АҚ мекемелерімен келісу қағаздары рәсімделуде.

33

Сенек ауылы 500 кубтық 2 су қоймасы мен сорғы станциясын аяқтау

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Ғ.Салихов

 

ОРЫНДАЛДЫ

Қазіргі таңда нысан құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып халық игілігіне               берілді.

 

34

Сенек ауылының құрылғанына 50 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастыру

2019 жыл

Д.Атағараев

Б.Еркеғұлов

 

ОРЫНДАЛДЫ

Сенек ауылының құрылғанына 50 жылдығын атап өту шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

35

Аққұдық елді мекеніне стационарлық газ құю бекетін салу үшін ЖСҚ жасақтау

2019-2020 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

БАҚЫЛАУДА

Тұрғын үйлердің саны аз болуына байланысты, экономикалық жағы тиімсіз саналады.

36

Сенек ауылы ауылішілік жолдарын жөндеу

2019-2020 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

ОРЫНДАЛДЫ

Демеушілік қаражаты есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

Бостан ауылы бойынша

37

Бостан ауылының су жүйесін толықтай іске қосу

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Бостан ауылының су жүйесі толықтай іске қосылды.

38

Бостан ауылының шеткі көшелеріне жол салу 2,8 шақырым тас жолына ЖСҚ жасақтау

2019 жыл

Г.Қылаубаева

Б.Абилов

Ғ.Салихов

ОРЫНДАЛДЫ

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жұмыс жоба құны – 144 206,0 тыс. тенге салынатын жолдың ұзындығы 2,7 шақырым.Сонымен қатар, 2,7 шақырым жолға ЖСҚ-ма жасақтауға бюджеттік өтінім берілді.

39

Бостан ауылында кәсіпкерлер тарапынан спорт зал салу мәселесін қарау

2019 жыл

Д.Атағараев

Ә.Әбдіхалықова

ОРЫНДАЛДЫ

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) алу арқылы Бостан  ауылынан спорт зал құрылысын салу үшін 0,2 гектар жер учаскесін А.Кульбаев 316 800 теңгеге сатып алды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу бағытында құжаттар рәсімделуде. Қазіргі таңда ірге тасы қаланып бастады

 

40

Қарақұдық орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу

2019 жыл

тамыз

К.Беккалина

Қ.Рысбаев

БАҚЫЛАУДА

Қарақұдық орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 14 млн.тенге қаражат қаралып, ағымдағы жылдың 27 мамырында мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланды. 22.06.2019 жылы ашылып, жеңімпаз ИП «Конырбай Рая» анықталып,тамыз айында 10 500 мың теңгеге келісім шарт жасақталған.Күні бүгінге ешқандай жұмыс жүргізілмегендіктен мектеп тарапынан  жеке кәсіпкерді сотқа беруге құжаттары дайындалуда. Келісім шарт бойынша жұмыс көлемі 2019 жылдың                           10 қазанына тапсырылуы тиіс.Мектеп басшылығы тарапынан 10 қазан күні облыстық экономикалық сотқа  өтініш арыз жолданған,тіркелгені жөнінде хабарлама келген. Басқа шақырту не болмаса қаралатыны жөнінде ешқандай ақпарат келіп тіркелмеген.

Болашақ ауылы бойынша

41

Болашақ ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын әрі қарай қызмет ету үшін облыстық денсаулық басқармасы меншігіне немесе жеке медициналық ұйымына беру

2019 жыл

Г.Бегниязова

Т.Сагиев

БАҚЫЛАУДА

Болашақ ауылында орналасқан 10 орынды амболатория ғимаратын ҚТЖ ҰК АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі мекемесінен Қарақия аудандық емхана меншігіне алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың І тоқсанына дейін екі жақты алу – беру акті жасақталатын болады.

42

Болашақ ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Т.Сагиев

Қ.Рысбаев

БАҚЫЛАУДА

Сметасы жасақталып, Қарақия аудандық экономика және қаржы бөліміне 01.04.2019 жылы №01-42/95 санды шығыс хатпен ұсыныс жіберілді. Бюджетте қаражаттың жетіспеуіне байланысты, 2020 жылдың бюджетіне ұсынылды.

43

Болашақ ауылындағы электрэнергия тарифін түсіру бойынша шаралар алу

2019 жыл

Т.Сагиев

БАҚЫЛАУДА

Облыстық энергетика басқармасына электрэнергия тарифін түсіру бойынша ұсыныс берілді. Бүгінгі таңда «Маңғыстау жарық» мекемесіне Болашақ ауылының электр энергиясын қамтамасыз ету жолдары қарастырылды. Қазіргі таңда ҚТЖ ҰК АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі тарапынан ауыл ішіндегі электр энергиясына жеке дара бөлу бойынша комиссияда қаралып, шешім шығарылып берілді. КТЖ тарапынан тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар толыққанды тіркелгеннен кейін «Маңғыстау жарық» мекемесіне меншігіне алу-беру акті арқылы тапсырылатын болады.

44

Арнайы кесте бойынша мәдени – спорттық шаралар ұйымдастыру

2019 жыл

Д.Атағараев

Т.Сагиев

 

ОРЫНДАЛДЫ

Жыл басынан бері әр атаулы мерекеде спорттық (шағын футбол, волейбол, баскетбол және тағы басқа) жарыстар өткізіліп тұрады. Жоспар бойынша тамыз айында Болашақ ауылына аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік шаралар мен бірге шағын футболдан жарыс өткізілді.