Салық төлеушілерге декларация туралы

Салық төлеушілерге декларация туралы

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-І Заңының 9-бабының 2, 2-1 тармақтарына сәйкес мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын және жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады. Сонымен қатар, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етеді.

  Салық кодексінің 186-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

  Қарақия ауданы бойынша мемлекттік кірістер басқармасы, жеке табыс салығы декларациясының толық және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында жалғанды кестелерге сай мемлекеттік мекемелердін тізім алып  және басылымдарға хабарландыру беріп отырады.  

  Ақпараттық технологиялардың дамуы, интернет мүмкіндіктерін пайдаланудың кеңеюі ұсынылатын электронды қызметтердің, соның ішінде салық саласындағы қызметтердің де арнасын үнемі кеңейтіп отыруға ықпал жасауда. Бұл, ең алдымен, салық есептілігін өңдеу жүйесінің (СОНО) енгізілуімен, «Электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталының жұмыс істеуімен байланысты.

      Салық төлеушілер декларацияларды қағаз түрінде тапсырудың дәстүрлі формасынан бас тартып, «электронды» салық төлеушілер қатарына өтіп, қазіргі ақпараттық технологиялардың сөзсіз басымдықтары барына көз жеткізіп үлгерді. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлерді жеке табыс салығы бойынша декларацияны электронды жолмен тапсыруға шақырамыз.

     Виртуалды «Салық төлеуші кабинеті» арқылы Интернет көмегімен декларацияларды электронды түрде тапсырудың оң тұстары айқын. Ең алдымен, бұл – кірістер басқармасына келмей-ақ декларацияларды компьютер арқылы тәуліктің кез келген уақытында, тіпті демалыс күндері мен мереке күндерінде де тапсыру мүмкіндігі. Былайша айтқанда, «электронды» салық төлеушілер салық органының жұмыс режиміне тәуелді емес. Интернетке шыға алатын әр салық төлеуші ҚР ҚМ Салық комитетінің порталында рұқсат берілмеген қол сұғудан қорғалған жеке бөлім аша алады. Сіз интернет арқылы өз виртуалды кабинетіңізге қосылып, кейін салық органында өңделу үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде толтырып тапсырасыз. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы интернетті ғана қолдана отырып, салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден көптеген қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді..

      «Салық төлеуші кабинетінде» жұмыс істеу үшін криптографиялық кілт керек, ол ҚР ҚМ Салық комитетінің куәландырушы орталығымен беріледі. «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасына www.cabinet.salyk.kz мекен-жайы бойынша кіруге болады, «Салық төлеуші кабинеті» интерфейсінің ыңғайлы көмек көрсету жүйесі бар, онда қызметтерді қолданудың мәтін форматында да, видеоформатта да анық көрсетілген нұсқаулығы бар.

Дәл осылайша салық есептілігі нысандарын тапсыру бойынша қызмет көрсететін «Салық төлеуші терминалдары» мемлекттітік кірістер басқармасында жұмыс істейді. Сұрақтар пайда болған жағдайда, салық инспекторлары кеңес беріп көмек көрсетеді. Әрі бұл қызметтер тегін көрсетіледі, бұл да аса маңызды тұстардың бірі.