Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы ұсынылуын жетілдіру бағытында жиын өтті

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы ұсынылуын жетілдіру бағытында жиын өтті

Бүгін аудан әкімінің аппараты басшысы Б.Ерденбаевтың төрағалығымен 2022 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің  орындалысы жөнінде жиын болып өтті.

Жиынға Ақтау қалалық Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің "Бауырлас жауынгерлер" қоғамдық бірлестігі басшысы  мен тиісті бөлім басшылары және қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысты.

Аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру дамыту бөлімшесінің басшысы Е.Отесов аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың жарты жылдығының ақпаратын беріп өтті.

Жиын соңында Берекет Ерденбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша мерзім бұзушылықтарды болдырмау, есептік нысанды қағидаға сәйкес толтыру жөнінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.