Теңіз жағалауындағы сенбілік

Теңіз жағалауындағы сенбілік

"Таза Каспий - Таза жүрек" акциясы аясында 10 тамыз күні жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, Құрық ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері және тазалыққа жанашыр Жастар сенбілік жұмыстарын кешенді түрде жүргізді.

Ауданымыздың тазалық мәселесін басты орынға қойған олар аптаның сәрсенбі күні "Аксон мед" оңалту орталығынан "Ерсай Каспиан Констрактор" ЖШС-не дейінгі аралықтағы теңіз жағалауын қоқыстан тазартты.
"Тұрмыс-Сервис" МКК-ы мен "Маңғыстау-Тазалық" ЖШС-і техникалар қарастырып, қоқыстарды арнайы орындарға жеткізді.
Сенбілік жұмыстары нәтижесінде теңіз жағалауынан 10 тоннаға жуық қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Сонымен қатар, бүгінгі өткен сенбілікке Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Маратқызы Әбсемотова да белсенді түрде қатысты.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі