Жемқорлық- күрделі әлеуметтік мәселе

Жемқорлық- күрделі әлеуметтік мәселе

Біз өмір сүріп жатырған қоғамда жетістіктеріміз әрине аз емес, алайда көрінбейтін жағымызда мәселелерде баршылық. Сондай күрделі мәселенің бірі жемқорлық. Қоғамымызда бұл мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да бар, дегенменен бұл мәселе әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әлеуметтік күрделі мәселесі болып отыр. Кез келген қоғамның дамуына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінікті «параға сатып алу», «corruptio» деген латын сөзін шыққанын анықтауға мүмкіндік береді. Рим заңдарында «corrumpire» деген түсінік болған, ол «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс – әрекет дегенді білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша мектеп пен ата-ананың тіпті оқушының алдында тұрған ортақ мәселе екені анық.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық дамуға, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту үдерісін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп қана қоймай , елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін қасіретті құбылыс екені анық.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Қарапайым халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Міне сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ел азаматтарының азаматтық міндеті немесе борышы деп білуіміз қажет.
Білім саласын жемқорлыққа,бермеуге бұл кесапатқа жоламауға және оны жолатпауды көздейік. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Мектепте құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жемқорлықпен күресуіңіздің , парақорлықтың алдын алудың айқын көрнісі. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мектеп ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ауқымы жылдан-жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз зор міндеттердің бірі екені рас. Біздің мемлекетіміздің кемістігі осы қоғамды шарпып жатқан кеселдер болса керек. Өкінішке орай, есімі аталатын бұл кеселдің белең алуы кәдуілгі мемлекеттегі ішкі бүлік секілді көрінетіндей. Қазіргі таңдағы қарастырылатын, қарастырылуы керек, қарастырылар үлкен жүйелі мәселеге айналып отырған дауасыз дерт. Сондықтан біртұтас қоғам ретінде біз де жүйелі жауап қатуымыз керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Насихаттау, тәрбиелеу ісі де сәлде болса баялауына септігін тигізеді. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле-кесапаттан сақтанып, бас емес, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық.
Қазақ халықының қазіргі ұрпағын осы кеселден сақтайық.
Қашаған Күржіманұлы атындағы ЖББМ директор Ж.Изтурганов.