Аудан әкімі Қ.Бековтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Қ.Бековтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер, ардақты аудан тұрғындары!

Баршаңызды тарихи мәні зор, тәуелсіздік идеясын санамызда орнықтыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырамас атрибуттарының бірі.

1992 жылдың 4 маусым күні ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Атаулы күнтізбелік датада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы,әнұранының музыкалық редакциясы туралы тарихи заңдарға қол қойды.

Міне сол сәттерден бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні кең көлемде атап өтіліп келеді.
Алайда, 2020 жылдың наурыз айынан бастап, әлемді дүрліктірген індеттің Елімізде де көптеп таралуының салдарынан барлық мерекелерді онлайн форматта өткізіп келеміз. Әрине бұл өте өкінішті жағдай.

                                    Ардақты ағайын!
Осы бір ерекше мереке күні отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен ырыс, береке тілеймін!

Құрметпен, Қарақия ауданының әкімі Қ.Беков