Құланды және Сенек ауылдары тамшылатып суару әдісіне толықтай көшті

Құланды және Сенек ауылдары тамшылатып суару әдісіне толықтай көшті

Жасыл желектерді тамшылатып суару әдісін пайдалану Қарақия ауданы бойынша Құланды және Сенек ауылдарынан бастау алды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған ауылдардағы 800-ден астам талдар мен жасыл желектерді тамшылатып суару үшін 2,5 шақырым пластикалық құбыр тартылып, суару жұмыстары жүргізілуде.

"Елді мекендерді көгалдандыру бағытында ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында 2500-ге жуық ағаштар отырғызылды. Ауданда  су құбырлары мен суару техникалары арқылы күнделікті желектерді суару жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, тамшылатып суару әдісін барлық ауылдарда да пайдалануды жоспарлап отырмыз"-деді Қыдырберді Беков.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы