Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-басты назарда!

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-басты назарда!

     9 сәуір күні Қарақия ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының  бас маманы Сариев  Таған Бүркітәліұлы мен Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Тулегеновтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиынға ауданға қарасты ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар қатысты.                
Алдымен, Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Тулегенов сөз алып, сөз кезегін  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының  бас маманы  Сариев  Таған Бүркітәліұлына берді.
Жиын барысында, Департаменттің бас маманы қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, қызмет көрсету сапасына аса мән беру қажеттігі туралы түсіндіріліп, заңнамаға енгізілген өзгерістер қызмет көрсету сапасына аса мән беру қажеттігі туралы түсіндіріліп, қызметкерлерді заңнама талаптарын қатаң сақтап жүруге шақырды.
Сондай-ақ «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмыстарын жандандыру  бойынша тапсырмалар берілді. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауаптар берілді.