Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2021 жылы 27 сәуірде сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

 Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін:

—жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін:

—бизнес сәйкестендіру нөмірін  (бұдан әрі – БСН), толық  атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

4)байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана  отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік  он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын  мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Қатар саны

Жер учаскесінің

мекен-жайы

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы  (га)

Сату объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесіне шектеулермен

ауыртпашылықтар

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % қүрайды, бірақ

50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге)

Жер учаскесіне          1 жылға

қойылатын салық мөлшері

(теңге)

1

Құрық ауылы, Құрық-Ақтау 1,3 км тас жолынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1750

Жеке меншік

 

1 557 500

145 850

1008

2

Құрық ауылы Құрық-Ақтау 1,5 км тас жолынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1700

Жеке меншік

 

1 513 000

145 850

979

3

Құрық ауылы, Құрық-ст. Ералы тас жолы, НҰР шағын маркет жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1000

Жеке меншік

 

712 000

145 850

576

4

Құрық ауылы, ст.Ералы-Құрық 254 м тас жолының сол жағынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,0400

Жеке меншік

 

249 200

145 850

230

5

Құрық ауылы, 5 ш/а, №212 жерінін жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,0100

Жеке меншік

 

71 200

145 850

58

6

Құрық ауылы, 5 ш/а, №212 жерінін жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,0150

Жеке меншік

 

106 800

145 850

86

7

Құрық ауылы, Құрық-ст. Ералы 3,4 км

Қалдықтармен жұмыс істеу кешенін салу үшін

1,0000

6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

6 230 000

145 850

5760

8

Құрық ауылы, Құрық-ст.Ералы 3,4 км тас жолының сол жағынан

Өндірістік база құрылысын салу үшін

0,1250

Жеке меншік

 

1 001 250

145 850

720

9

Құрық ауылы Құрық-ст.Ералы 3,4 км тас жолының сол жағынан

Мал бордақылау алаңының құрылысын салу үшін

0,2500

Жеке меншік

 

2 002 500

145 850

1440

10

Құрық ауылы, Маңғыстау жері № 17 көшесінің № 2 үй жанынан

Кәсіпкерлік құрылысын салу үшін

0,0049

Жеке меншік

 

30 527

145 850

28

11

Сенек ауылы, «Сенек» ЖШС- жем қоймасының жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,0400

Жеке меншік

 

57 600

145 850

230

12

Сенек ауылы, АГЗС (012-357) жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1200

Жеке меншік

 

172 000

145 850

691

13

Құланды ауылы, С, Бегендікұлы көшесі,  № 5 үй жанынан

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,0050

Жеке меншік

 

10 800

145 850

29

14

Құланды ауылы, С, Бегендікұлы көшесі,  № 5 үй жанынан

Дәріхана құрылысын салу үшін

 

0,0050

Жеке меншік

 

10 800

145 850

29

15

Жетібай ауылы, Мешітбай әулиесінің жанынан

Жем қоймасының құрылысын салу үшін

1,0000

Жеке меншік

 

6 700 000

335 000

5760

16

Жетібай ауылы, «Ұлутас» ЖШС-нің өндірістік базасының жанынан

Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының құрылысын салу үшін

0,5000

Жеке меншік

 

3 350 000

167 500

2880

17

Жетібай ауылы, Астана шағына ауданы, № 61 үй жанынан

Кәсіпкерлік нысан және дәріхана құрылысын салу үшін

0,0150

Жеке меншік

 

50 250

145 850

86

18

Мұнайшы ауылы, шағын кәсіпкерлік жанынан (кад13-197-007-786)

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,1000

Жеке меншік

 

670 000

145 850

576

19

Мұнайшы ауылы, Кәрізді тазарту құрылысының жанынан

Қойма құрылысын салу үшін

0,4000

Жеке меншік

 

268 000

145 850

2304

20

Мұнайшы ауылы, Кәрізді тазарту құрылысының жанынан

тауық фермасын салу үшін

0,9000

6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

6 030 000

335 000

5184

21

Қарақия ауданы босалқы жері, «Қарамандыбас» кен орны батыс жағы

Өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, орналастыру мен көму кешені және тазартылған сарқынды суларды буландыру алаңдарының құрылысын салу үшін

10,0000

Жеке меншік

 

11 650 000

582 500

2663

Ұйымдастырушы:  «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72937) 2-17-35.  2-18-87